Әлемдегі ғылым

«Дельта» вирусының судағы өміршеңдігі қанша?

27.08.2021

2485

«Вектор» мемлекеттік ғылыми-техникалық вирусология және биотехнология орталығының ғалымдары коронавирустың дельта-штаммының судағы өміршеңдігін тексерді. Алынған үлгілер үш сағат бір тәулік және 48, 72 сағат бойы зерттелген. Үнді штаммы суда 72 сағат бойы өлмейтін болып шыққан. Бұл бұған дейінгі зерттелген басқа штаммдар нәтижесімен бірдей болып отыр. Демек, дельта-штаммы өзгелерден өзгеше емес.

Ресей ғалымдары бұған дейін SARS-CoV-2 вирусын ауыз суында, теңіз суында зерттеген екен. 24-28 градустық температурада SARS-CoV-2 48 сағат бойы, ауыз суында 72 сағатқа дейін өміршеңдігін сақтаған. «Вектор» мамандары осы уақытқа дейін SARS-CoV-2 вирусын ашық су қоймаларынан немесе ауыз суы арқылы жұқтырғандардың тіркелмегенін алға тартады.

Мақала https://iz.ru/1213177/2021-08-27/v-tcentre-vektor-vyiasnili-srok-zhizni-shtamma-delta-v-vode материалы бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар