Әлемдегі ғылым

Жас ғалымдарымыз NASA ғылыми жобаларына қатысуы мүмкін

08.07.2022

1619

Сурет https://kyzylorda-news.kz/ сайтынан алынды

Қазақстанның ғалымдары Американың қолдауымен іске асып жатқан ғылыми жобаға қатысты. Жобаның басты мақсаты – Арал теңізінің тартылуының әлемдік климатқа әсерін зерттеу.

Мичиган мемлекеттік университетінің, Джордж Вашингтон, Оңтүстік Дакота, Нью-Йорктегі Майн және Пэйс университеттерінің профессорлары Қызылорда облысындағы дала жұмыстарын жүргізді. Шетелдік мамандар біздің ғалымдарымызға жаңа құрылғылар көмегімен ауаның ылғалдылығын, судың мөлшерін анықтап, өсімдіктерді сақтау жолдарын түсіндірді.

Далалық жұмыстар барысында әр 25 метр сайын өсімдіктің түрлері зерттеліп, өсімдіктердің қазіргі жағдайы анықталды. Бұрын көбіне 5-10 жылдағы өзгерістерге талдау жасалса, шетелдік оқытушылар 100 жылдағы өзгерістерді кестеге енгізеді екен. Бұл алдағы жүзжылдыққа болжам жасауға септігін тигізбек.

Ғылыми зерттеулерімен бірге шетелдік ғалымдар қазақстандық жас ғалымдарға дәріс оқыды. Мичиган мемлекеттік университетінің (АҚШ) профессоры Джихуан Чен отандық жас ғалымдардың NASA ғарыш агенттігінің Қазақстан және Орталық Азияда жүргізетін экологиялық зерттеу жобаларына қатысу мүмкіндігі бар деп отыр.

Зерттеу жұмыстарына Қорқыта ата атындағы Қызылорда университетінен басқа да И. Жансүгіров атындағы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, сондай-ақ А. Бараева атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары да қатысқанын айта кеткен жөн.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар