Әлемдегі ғылым

Болған ана туралы тың деректер

15.02.2022

2492

Сурет https://nasledie-saryarki.kz/ сайтынан алынды

Тарихшы ғалымдарымыз Болған ана кесенесін зерттеп, Алтын орда дәуірінен қалған тарихи құндылықтарды тапқан. Естеріңізге сала кетейік, Болған ана мавзолейі Қарағанды облысындағы Жезқазған өңіріне қарасты Ұлытау ауданында орналасқан.

Белгілі археолог Айбар Қасеналиннің айтуынша, археологиялық қазба жұмыстары 2018 жылы басталған. Болған ана туралы әртүрлі деректер келтіріледі. Халық аузында ол кісіні Шыңғысханның немересі немесе келіні деп айтады. Дегенмен, генетикалық зерттеулер бойынша Болған ана Жошы ханның қызы болуы мүмкін деген топшылау да бар. Табылған тарихи заттар арасында жібектен тігілген сырт киімдер, қымбат металдан жасалған ыдыстар бар. Осыған қарап, Болған ананың ақсүйектер ортасынан шыққанын көруге болады, деп отыр мамандар. Қазба жұмыстарынан бөлек зертханалық зерттеулер де жүргізілген.

«Мәселен, Болған ананың табылған сүйектеріне генетикалық зерттеу Жапония мен Ұлыбританияда жүргізілді. Бүгін көрмеде қайта жаңғыртылған Болған ана ұсынылып отыр. Гиперреалистік мүсіні антрополог пен мүсіншінің көмегімен жасалды. Жошы хан, Алаша хан кесенелерінде де археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Археологиялық қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Ақмола облысының аумағынан да жәдігерлерді тауып жатырмыз», - деп атап өтті археолог.

Материал https://www.inform.kz/ru/geneticheskoe-issledovanie-naydennyh-kostey-bolgan-ana-provodilos-v-yaponii-i-velikobritanii_a3898338 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар