Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің дерматовенерология және косметология бойынша штаттан тыс бас маманы Николай Потекаев https://iz.ru/ сайтына берген сұқбатында COVID-тан кейінгі адам ағзасындағы өзгерістердің бірі – алопеция, яғни шаштың түсуі екенін айтады.
Коронавирустан кейін шаштың көп түсуі байқалған. Әсіресе, әйелдердің 40 %-нда аурудан кейінгі 7-8 немесе 12 жетіден кейін шаш түсуі жиілеп кеткен. Николай Потекаев шаштары түсе бастаған науқастардың 90 %-нда дене қызуы жоғары болған, сондықтан шаштың өсуіне кері әсерін тигізген деп отыр. Маманның айтуынша, дене қызуы көтерілгенде интоксикацияның деңгейі жоғарылап, шаш дұрыс қоректенбейді.
Оның үстіне коронавируспен ауырған науқас антицитокиндік перапараттарды қабылдайды. Цитокиндер – қабыну реакциясын тудыратын қабынуға қарсы ақуыздар Сол цитокиндердің өзі шаш фолликулына (түйіншесі) теріс әсерін тигізуі мүмкін дейді маман. Тағы бір себебі – ангиит. Қарапайым тілмен түсіндірер болсақ, шаш тамыр арқылы өзіне қажетті қоректі алып отырады. Сол қан тамырлары аурудың кесірінен қабынып, өзгеріске ұшырауынан шаш та әлсірейді. Осы жағдайда зерттеп жатқан ресейлік ғалымдар шашты қайта қалпына келтіру үшін қан тамырларын кеңейту арқылы түйіншелерін қоректендіретін дәрілерді ішу қажеттігін айтады.