Қазақстан ғылымы

ЖАС ҒАЛЫМ GYLYM News-те ҚОНАҚТА

10.10.2023

409

Гонконгтағы Канада елімен бірлесіп ашылған кванттық офтальмология зертханасын басқарып отырған отандасымыз Мұхит Құлмағанбетовпен сұқбаттасудың сәті түскен болатын.  

Бұған дейін Мұхит туралы Кардифф университетінде докторантурада оқып жүрген кезінде жазған едік. Ол одан бері бірталай ғылыми жұмысты әлемге танымал ғалымдармен бірге атқарып тастаған екен. 

Бұл сұқбатта жас ғалым: 
1) жаңа жобаларының ғылыми жаңалықтарына; 
2) елімізде талқыланып жатқан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңның жобасына; 
3) отандық ғылымға тигізген қандай да бір пайдасына тоқталды. 

Көздің торлы қабығындағы оптикалық өзгерістерді өзі құрастырған жасанды интеллект арқылы зерттеп, глаукома, макулярлы дегенерация, Альцгеймер ауруларын анықтаған жас ғалым Мұхит Құлмағамбетов С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің түлегі, Ұлыбританиядағы Кардифф университетінің PhD докторы. 

Мұхит жетекшілік ететін зертхананың қолға алған жобасының мақсаты – квантты фотондарды офтальмология саласында пайдалану болып табылады. Олар жаңа жарық көзінің арқасында көздің торлы қабығын зерттейтін томограф жасауда.  

Өзінің ғылымға деген құштарлығымен әлемдік жетекші ғалымдардың назарына іліккен қазақ баласы жырақта жүрсе де отандық ғылымның жанашыры әрі қолынан келгенше өз үлесін қосуға тырысуда. 

Ғылыми қауымдастық арасында қызу талқыға түсіп жатқан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңның жобасы да Мұхитты бей-жай қалдырмаған. Ол Алматыда бас қосқан ғалымдармен бірге өз ойын ортаға салып, ұсыныстарын да берген. 



      
Дизайн
HTML Код
Просмотр
перевод строки перенос
«« | »»
Соңғы жаңалықтар