Қазақстан ғылымы

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамы артты

17.08.2023

530



Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің құрамына алты ірі ғылыми-зерттеу институты мен екі тәжірибелік шаруашылық, яғни тәжірибелік шаруашылығымен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ, Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ҒЗИ, Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ҒЗИ, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ҒЗИ, Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ҒЗИ, Қазақ АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ҒЗИ, «Меркі» ЖШС тәжірибелік шаруашылығы берілді. Бұл туралы ҚазҰАЗУ баспасөз қызметі өзінің сайтында жазды.   

Шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының тәжірибесіне сәйкес, ҚазҰАЗУ қазіргі заманғы функционалдық интеграцияланған жүйе болып табылатын сапалы зерттеу университетінің жаңа деңгейіне көтерілді делінген ақпаратта. Ғылым – білім – өндіріс моделі ғылым мен білім саласын дамытудағы ұлттық стратегияның басымдығы болмақ. 
Ең алдымен, студенттер заманауи жоғары білім алумен қатар ғылыми тәжірибеге ие болады. Бұл болашақта білікті, бәсекеге қабілетті маман болуға септеседі. Сонымен қатар, жас мамандардың ғылымға деген талпынысы артып, нарықта сұранысы басым ғылыми зерттеулердің тиімділігі күшейе түспек. 

Бұдан былай ҚазҰАЗУ-дың ғылыми зерттеу орталықтары, заманауи зертханалары, жас ғалымдарға арналған жатақханалары ЖОО-ның еншілес ұйымдарымен серіктестікте бірлесіп пайдаланылатын болады.
ҒЗИ мен университет ғалымдарының бірлескен ғылыми әзірлемелерінің нәтижелері өндіріске енгізіліп қана қоймай, жаңа білім беру бағдарламаларының пайда болуына ықпал етеді, өз кезегінде бұл ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
ҒЗИ мен тәжірибелік өндірістік шаруашылықтар бұдан былай «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын» ұстауға дивидендтер төлемейді, керісінше қомақты қаражат өз ұжымдарының дамуына жұмсалмақ. 

Дерек көзіhttps://www.kaznaru.edu.kz/news/8616



«« | »»
Соңғы жаңалықтар