Қазақстан ғылымы

Түркі тілдес елдердің сөздерін автоматты түрде тану жүйесі жасалуда

25.04.2023

724



Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының ғылыми-зерттеу тобы қазақ, қырғыз, әзірбайжан және басқа да тілдерге арналған сөзді автоматты түрде тану жүйесін жасауда. Аталған тілдер агглютинативті тілдер тобына жатады.  

Сөйлеуді автоматты түрде тану (ASR) интеллектуалды технологиялар және робототехника сияқты компьютерленген құрылғылардың көмегімен сөйлеуді тануға және мәтінге аударуға мүмкіндік беретін әдістемелер мен технологияларды әзірлеу үшін лингвистика, информатика және электротехника саласындағы білім мен зерттеулерді біріктіретін есептеуіш лингвистиканың пәнаралық саласы болып табылады. 

Қазақстандық ғалымдардың жобасының мақсаты – агглютинативті (түркі) тілдерге арналған сөзді автоматты түрде тануының интеграцияланған жүйесінің әдістерін, модельдерін жасау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу. 

Жобаның ұлттық және халықаралық ауқымдағы практикалық маңыздылығы машиналық оқыту әдістерін пайдалана отырып, сөзді автоматты түрде танудың интеграцияланған (end-to-end) жүйесін енгізу, сондай-ақ қазақ және әзірбайжан тілдерінің мысалында агглютинативті тілдерге арналған дыбысты автоматты түрде танудың жаңа технологиясын жасау мәселесін шешу үшін жаңа математикалық модельдер мен алгоритмдерді әзірлеу болып табылады. Бұл сөйлеуді тану жүйесін дауыстық машинаның қазақша-әзірбайжанша аудармасына пайдалануға болады.  

Дауыс арқылы сөйлемді тану жоғары сапалы технологиясына қоғамның елеулі сұранысы нашар көретін және соқыр адамдар арасында байқалады және көбінесе мобильді және тұтынушылардың дауыспен басқару қолданбаларында жиі кездеседі.

Зерттеудің түпкі мақсаты – қазақ және әзірбайжан тілдерінің мысалында агглютинативті тілдерді біртұтас тануға арналған тиімді алгоритм, әдіс және бағдарлама жағынан қамтамасыз ету.  

Алынған нәтижелерді қазақ және әзірбайжан тілдері үшін дыбысты автоматты түрде танудың интеграцияланған жүйесінде, қазақ-әзірбайжан тіліндегі дауысты машина аудармасында, компьютерде стенографиялық жазуда, компьютердің дауысын басқаруда, роботтандырылған және автоматтандырылған жүйелерде қолдануға болады. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға машинаның енгізу құрылғыларына қатысы жоқ бірнеше функцияларды бір уақытта орындауға мүмкіндік жасайды.  
Ғылыми топ бағдарламалық жасақтамаға 2 авторлық куәлік, өнертабысқа патент және «Philips» компаниясының өнімдеріне әзірленген жүйені енгізу туралы актты иеленді. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар