Қазақстан ғылымы

Қазақстанда студенттер санының артуы әбден мүмкін

13.02.2023

1015



Times Higher Education апталық журналында Қазақстанның ғылым және жоғары білім министрлігінің атқаратын жұмыстары, мақсат-міндеттері туралы мақала жарияланды. 

Мақалада ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «бізде екі негізгі қозғаушы күштің арқасында өмірде бір рет болатын мүмкіндік бар» деп нақтылады.

Қазіргі таңда Азия мен Еуразия халқының саны 2 миллиардтан асады. Олардың жартысынан көбі 25 жасқа толмаған. Сондықтан болашақта Қазақстандағы білімге деген сұраныс арта түспек.  Бұған қоса, үкімет еліміздегі өткен жылы қабылданған студенттердің саны (623 000) 2030 жылға қарай 1 миллионнан асып түседі деп күтуде.
Осындай талдаулардан кейін министр Қазақстан білім қуған жастарға беделді білім ордасын қамтамасыз етсе болады деп санайды. 

Оқу орындарын тарту мақсатында еліміз қағазбастылықты қысқартып, қаржылық ынталандыру арқылы жағдайды жақсартуды қолға алуда. 

Саясат Нұрбек реттеуші жүйеміздің толығымен жаңартылып жатқанын, қазірдің өзінде Қазақстанда бірнеше аккредиттеу агенттіктері өз өкілдіктерін ашып қойғанын алға тартады.   
Мысалы, елімізде 2023 жылы жетекші жоғары оқу орындарының 6 филиалы ашылады деп жоспарлануда. Оның ішінде Heriot-Watt University; Seoul National University of Science and Technology (SeoulTech); баламалы энергия көздеріне назар аударатын Қазақстан-Неміс университеті және тау-кен, металлургия және машина жасау салаларына маманданған New Ulytay University канадалық оқу орындарының консорциумымен серіктестікте құрылған.

2029 жылға дейін тағы 3 филиал ашу жоспарлануда. 

https://www.zakon.kz/6384194-sayasat-nurbek-my-polnostyu-perestraivaem-sistemu.html?fbclid=IwAR3kukpXW8LOSoEUc9MZa4c5DonnGeVmE-ZX65EEdlfe1yxBYuUxUmWUyC0 
«« | »»
Соңғы жаңалықтар