Қазақстан ғылымы

Біздің жаңалығымыз. А.Қ. ҚАШҚЫНБЕКОВ МАИН АКАДЕМИГІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

03.02.2023

898



ҰМҒТСО АҚ президенті Арман Қайырберліұлы Қашқынбеков Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі болып сайланды (academy.kz). 

Халықаралық ақпараттандыру академиясы – ақпарат табиғатын тану, IT, экологиялық және ақпараттық-талдау қызметі, қоғамды ақпараттандыру және біртұтас жүйе дүниежүзілік ақпараттық қоғамдастық құру саласындағы пікірлері ортақ, өзін-өзі басқаратын дербес қоғамдық бірлестігі. Ол 1994 жылғы 30 наурыздан бастап жұмыс істеуде. 

Академияның Қазақстанның Астана, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Петропавл, Қостанай, Тараз, Ақтөбе, Қаратау сияқты қалаларында өкілдіктері мен филиалдары бар. 

Академияның мақсаты:
Бірыңғай ғаламдық ақпараттық кеңістікке кіретін Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасы халқының және әлемдік қауымдастықтың ақпараттық мәдениетін арттыру;
• Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік қоғамдастықтың ақпараттандыру дамуының негізгі бағыттарын болжау;
• Мамандарды, жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау; халық шаруашылығының барлық салаларындағы мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
• Өндірістік, ғылыми, оқу-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық әдебиеттерді, газеттер мен журналдарды шығару.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар