Қазақстан ғылымы

Жылдың үздік қызметкерлері марапатталды

29.12.2022

917

Бүгін ҰМҒТСО АҚ басшысы Арман Қашқынбеков ұжымын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жылдың үздік қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің атынан Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін мына кісілер марапатталды:

- Еділхан Әмірғалиев, «Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар» басым бағыты бойынша ҰҒК төрағасы,

- Гульмира Яр-Мухамедова, «Энергетика және машина жасау» басым бағыты бойынша ҰҒК төрайымы,

- Малика Шамекова, «Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрайымы,

- Алексей Терехов, «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасының орынбасары,

- Владимир Туреханов, «Ақпараттық және коммуникациялық» ғылым бағыты бойынша ҰҒК төрағасының орынбасары,

- Александр Устименко, «Энергетика және машина жасау» ғылым бағыты бойынша ҰҒК мүшесі,

- Жасұлан Кенжалин, «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология» ғылым бағыты бойынша ҰҒК мүшесі,

- Гүлжаухар Көкебаева, «Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер» ғылым бағыты бойынша ҰҒК мүшесі,

- Элеонора Сейтмуратова, «Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар» ғылым бағыты бойынша ҰҒК мүшесі,

- Тамара Кубиева, Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама басқармасының бастығы,

- Қамарсұлу Елеукенова, Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасының бастығы,

- Шолпанай Мамытбаева, Ұлттық ғылыми кеңестер жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар