Кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сәтбаев Университетінің ғылыми жетістіктерімен, әлеуметтік жағдайымен танысты. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. (https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim/photos/pcb.128848839899320/128848516566019/)
Онда VR зертханасын және Ғылыми жетістіктер көрмесін аралап, ұшқышсыз ұшатын аппараттардың оқу-өндірістік зертханасының әзірлемелерін, кен орындарын талдау және логистикалық операциялардың интеллектуалды жүйелерін, сондай-ақ студенттердің Racing Team командасының жарыс машинасын, Сәтбаев Университетінің басқа да жетістіктерін көріп қайтты.
Саясат Нұрбек:
– Мемлекет басшысының бізге берген тағы бір үлкен тапсырмасы – ғылыми жұмыстың басым бағыттарын қайтадан қарап шығу. Қазіргі таңда алдымызда тұрған басты мәселелердің бірі – біздің жасаған әзірлемелерімізді халық шынымен де пайдалана алатындығына көз жеткізу. Екінші мәселе – су қауіпсіздігі мәселесі. Алдағы 3-5 жылда бұл мәселе ел қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы зор тақырып болмақ. Сондықтан да дәл осы мәселе жөнінде мемлекет сіздің университетке үлкен үміт артып отыр.