Қазақстан ғылымы

ҰМҒТСО АҚ Президент Жолдауын талқылады

07.09.2022

1192

Бүгін ҰМҒТСО АҚ-нда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан Халқына Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел болып өтті.

Әлемдегі және еліміздегі саяси, экономикалық ахуалды ортаға салып, алға қойылған мақсат-міндеттер талқыланды.
Ақпараттық-талдау жұмысы басқармасының Ақпарат және талдау бөлімінің бастығы Т. Садырова Елбасы Жолдауындағы негізгі ережелерге жалпы шолу жасап, ұсынылған шешімдерге тоқталды.

Ақпараттық-сараптамалық жұмыс басқармасының бастығы, саясаттану ғылымдарының кандидаты А. Морозов сайлау заңнамасының қалыптасуы, саяси ахуалдың даму болжамдары туралы мәліметтермен таныстырды, Президент Қ. Тоқаев ұсынған реформаларды қолдау қажеттілігін негіздеді.
Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру басқармасының Диссертацияларды тіркеу бөлімінің бастығы А. Әкімбекова балаларды, жастарды, әйелдерді, әділетті мемлекеттің қолдауына ерекше мұқтаж қазақстандықтарды қолдау шараларына кеңінен әңгімеледі.

Ел болашағына бағытталған стратегиялық инвестициялар, Қ. Тоқаев жариялаған экономикалық және саяси реформалар – әрбір қазақстандықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шешімдер, Қазақстанның саяси жүйесін өзгертудегі маңызды, суперпрезиденттік республикадан кетуді растайтын кезең.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар