Қазақстан ғылымы

Ғылымдағы серіктестік

06.09.2022

1517

Мемлекет басшысы Германияның экономикалық делегациясын қабылдап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында Президент елімізде энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім, ғылым және техникалық бағыттағы кадрларды даярлау салаларында серіктестік жұмыстарын арттыру басты міндет екенін тілге тиек етті. Үкіметіміз бүгінде 800 әлеуетті инвестициялық жобадан құралған жобалар пулын әзірледі.

Қ. Тоқаев Германияның техникалық мамандықтар бойынша кадр даярлау тәжірибесіне қызығушылық білдірді. Сондықтан, Қазақстан отандық мамандардың деңгейін көтеру мақсатында Германияның техникалық институттары өкілдіктерін, зертханаларын, ғылыми және құзырет орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастыруда.

Материал https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-germaniyanyn-ekonomikalyk-delegaciyasyn-kabyldady-682227 деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар