Қазақстан ғылымы

Көне түркі дәуірінің ескерткіштерін ашқан ғалымдар марапатталды

01.09.2022

1235

Кеше ҚР Ғылым және жоғары білім министрі бір топ ғалымды «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Олар – Моңғолияның Ғылым академиясы Тарих және археология институтының археологы A. Энхтөр, түрколог ғалымдар Н. Базылхан мен Н. Бөгенбаев бұған дейін бірде бір ғалымның қолына түспеген көне түркі ескерткіштерін тауып, зерттеулер жүргізген мамандар.
Ғылыми зерттеулер Моңғолия жеріндегі Номгон деп аталатын өңірде жүргізілді. Оған Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты қатысты.


Естеріңізге сала кетейік, ғылыми-археологиялық экспедицияның алғашқы нәтижелері бойынша Құтлық Елтеріс қаған кешенінен «түрк» деген жазу табылған болатын. Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «түрк» деген сөз кездесетін Күлтегін мен Білге қағанның әкесі Құтлық қағанға байланысты үлкен жаңалықпен бөлісіп, сүйінші сұраған еді.
«Номгондағы қазба жұмыстарының барысында Орталық Азиядағы Шығыс түркілерінің қаған-князь типіндегі мемориалдық кешендерін ерекшелейтін негізгі архитектуралық компоненттерден тұратын түркі дәуірінің бұрын белгісіз болған тағы бір ескерткіші ашылды. Көне түркілік руна және соғды тілінде қашалған жазуы бар бітіктастың бір бөлігі, тасбақа тұғыры, антропоморфты бәдіз бөлігі (қағанның жартылай бейнесі) және зооморфты мүсіндер (арыстан мен қой мүсіндері) және тағы басқасы табылды», – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар