Қазақстан ғылымы

Артерия ауруларын емдеудің жаңа әдісін отандық ғалымдар тапты

30.05.2022

1868


Қазақстандық ғалымдар артериялық патологияларды емдеудің жаңа әдістерін ұсынып отыр. Егер ол әдіс қолданысқа енгізілетін болса, жүрек қан тамырлары ауруынан зардап шегетін жандардың өмірі ұзара түспек.

Қазіргі таңда адамдар арасында көбінесе жүрек қан тамырлары аурулары жи ікездеседі. Әсіресе артерия патологиясы бойынша көрсеткіш жоғары. Ғалымның айтуынша, дәл осы күре тамырдың қысылып, қан жүрмей қалуынан әлемде жыл сайын 28 млн жуық адам көз жұматын көрінеді. Осы аурудың алдын алу бойынша барлық мамандар емдеу жолдарын қарастырды. Соның ішіндегі көп қолданылатыны стенттеу екен. Яғни күре тамырдың ішіне тор тәрізді құрылғыны меахникалық жолмен қою арқылы тамырды кеңітеді. Бірақ, тамыр ішіндегі патология қалып қалады. Осы кемшіліктің шешімін табу жолында отандық ғалымдарымыз өз әдістерін ұсынып отыр.

«Біздің құрылғымыз стенттеу сияқты артерияға енгізіліп, ондағы патологиясы бар жердегі атеросклеротикалық бляшкаларды арнайы дәрімен еріту арқылы сыртқа сорып аламыз. Нәтижесінде тамыр тазарады. Профилактикалық ем түрінде бұл әдісті бір адамға бірнеше рет қолдануға болады», – дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тамыр патологиясы орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Оралбай Дәрменов. Ғалым осы орталықта бірнеше ғалымдармен бірлесіп, осы әдісті әрі қарай зерттеп, тәжірибеде қолдану жолдарын қарастырып жатқанын айтады.

Материал https://www.facebook.com/bilimjanegylym деректері бойынша дайындалды.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар