Қазақстан ғылымы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов: «Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануы тиіс».

18.04.2022

2147

Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалық етті. Онда ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры К. Закарья баяндама жасап, отандық ғылымды дамыту мәселесі қаралды.

Үкімет басшысы соңғы екі жылда республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру шамамен 2 есе өскенін (2022 жылы шамамен 84 млрд теңгені құрады), мемлекеттік қаржыны ғылыми жобаларға бөлу құзыретінің ғалымдарға берілгенін айтып өтті. Тіпті отандық ғалымдардың еңбектері өзімізде ғана емес, шет елдерде де жоғары бағаланып отырғанын тілге тиек етті. «Отандық ғылым халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға елеулі үлес қосуы тиіс. Ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттардың барлығы осыған бағытталған», – деді ҚР Премьер-Министрі.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚР Білім және ғылым министрлігіне ғылымды дамыту мәселесіне байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Бірінші, биылғы 30 сәуірге дейін Қазақстан ғылымын дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының қабылдануын қамтамасыз ету.

Екінші, жас таланттарды іздеу және оларды ғылымға тарту механизмдерін пысықтауды, зерттеу әлеуеті жоғары ғалымдардың жаңа буынының ақпараттық базасын жасау.

Үшінші, Ғылым қорының экономикалық тиімділігін арттыруға, ғылыми зерттеулерді капиталдандыруға, олардың инвестициялық тартымдылығын, барлық кезеңдегі ашықтығын арттыруға баса мән бере отырып, оның ребрендингін қамтамасыз ету.

Төртінші, бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасының жобасына ғылымды қажет ететін өндірістерді, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруда ғылымның үлесі бойынша бөлімді қосып, оның нақты индикаторларын белгілеуді қамтамасыз ету.

Бесінші, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика министрліктерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық кеңестер құруды және жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруының орталықтандырылған механизмін енгізуді қамтамасыз ету.

Дереккөз: https://primeminister.kz/kz/news/kazakstanda-songy-eki-zhylda-respublikalyk-byudzhetten-gylymdy-karzhylandyru-shamamen-eki-ese-osti-1232744



«« | »»
Соңғы жаңалықтар