Гүлмира Қанай: " 2021 жылы 31 бағыт бойынша 23 ғылыми-зерттеу жұмыстары жүзеге асырылды»
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай халық алдында есеп берді.
Ректор университеттегі білім беру, ғылыми-зерттеу және қаржылық-шаруашылық мәселелері бойынша даму жоспарымен бөлісті. Әрине отандық білім беру, ғылым салаларын дамыту, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша атқарылатын жұмыстарға да тоқталды.
Гүлмира Қанайдың айтуынша, 2020-2021 оқу жылында университет 20 білім беру бағдарламасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы рейтингіндегі жоғары оқу орындарының алғашқы жиырмалығына, Ұлттық институционалдық рейтингте ЖОО-ның үздік ондығына және Қазақстанның үздік 3 педагогикалық ЖОО-ның қатарына енген. Сонымен қатар, 10 білім беру бағдарламасы ACQUIN (Германия) агенттігінің реаккредитациядан өткен.
Айта кету керек, былтырғы жылдан бері бұл ЖОО-да «Физика-Электроника», «Информатика және робототехника», «Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау», «Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау» сияқты жаңа білім беру бағдарламалары да енгізілді.
Ректор ғылыми-зерттеу қызметі бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 2021 жылы 31 бағыт бойынша 23 ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүзеге асырылғанын алға тартты. Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігінің қаржыландыруымен жалпы сомасы 36 840 300 теңгені құрайтын 5 ғылыми жоба қолға алынған.
Сонымен қатар, университет ғылыми мақалалар бойынша көшбасшы болып табылады, дейді басшысы. Ағымдағы жылы оқытушылар мен ғалымдардың республикалық және шетелдік басылымдарда 1 532 еңбегі жарияланған.
Материал https://kazmkpu.kz/kz/a/news/708-universitet-rektori-halia-esep-berd деректері бойынша дайындалды.