Кеше Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысында Қазақстандағы азаматтық қоғам және медиа саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев пандемия кезеңінде медиакоммуникацияның үлкен рөл атқарғанын алға тартты. Себебі, халық нақты ақпарат көздеріне ғана жүгінді. Соның ішінде спикер ғылыми журналистиканы дамыту қажеттігін айтып өтті.
Мәулен Әшімбаев:
«Қазіргідей ақпараттар ағынында адасып қалмау үшін адамға ақ пен қараны ажырататын арнайы білім керек. Бұл ретте жаңа заман адамы үшін медиасауаттылықтың маңызы зор екені сөзсіз. Меніңше, осы трендті ескеріп, Қазақстанда әлемге ғылыми көзқарас қалыптастыратын салалық журналистиканы дамытуға және ғылымды дәріптейтін қоғамдық пікірдің көшбасшыларын дайындауға көңіл бөлген жөн. Бұл медиа саласының сапасын арттыруға мүмкіндік береді»
Отандық ғылымды көпшілікке жеткізетін, сол туралы ақпарат дайындайтын ғылыми журналистика екені белгілі. Ол ғылыми зерттеулерді ғылыми тілден еш бұрмалаусыз жеткізуі тиіс. Ғылыми тілден ақпарат тұтынушыға түсінікті етіп түсіндіруге міндетті.
Ғылыми журналистиканың ережелері Ломоносовтың «философияның еркіндігін қолдауға арналған шығармаларды баяндау кезіндегі журналистердің міндеттері туралы пікір» шығармасында баяндалды, делінген Уикипедия ашық энциклопедиясында.
Отырыста Саясаттану саласындағы PhD Жұлдызай Ысқақова, PhD Мүсілім Хасенов сияқты жас ғалымдарымыз азаматтық қоғамды ақпараттандыру турасында өз ойларымен бөлісті.
Деректер және сурет https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/5337 сайтынан алынды.