Қазақстан ғылымы

Елімізде АҚШ радарларын монтаждау басталды

20.09.2021

2635

Ақтөбе облысындағы Шалқар кентінде АҚШ өндірісінің BARON Services Inc доплер метеорологиялық радиолокаторын (бұдан әрі - ДМРЛ) монтаждау жұмысы басталды, деп хабарлайды https://www.kazhydromet.kz/post/1235# .
Естеріңізге сала кетейік, 2018-2019 жылдары Қазгидромет АҚШ өндірісінің 5 ДМРЛ сатып алған болатын. Олардың үшеуі Enterprise Electronic Corporation және екеуі BARON Services Inc.

Отандық мамандар BARON Services Inc американдық компаниясымен бірге Ақтөбе облысының Шалқар кентінде ДМРЛ-ды монтаждауға кірісті. Бұған дейін Алматы облысының Талдықорған қаласында және Қостанай облысының Торғай қаласында осы құрылғылардың екеуі монтаждалды. Қазір оларды іске қосу-жөндеу және пайдалануға беру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ДМРЛ бұл үлкен аумақтарда қарқынды жауын-шашын, найзағай, бұршақ, дауыл, турбуленттік аймақтар, желдің жоғары жылдамдығы және орналасу орны мен сипаты туралы сияқты басқа да ақпаратты нақты уақыт режимінде анықтауға арналған. Сондай-ақ ол жауын-шашынның мөлшері мен жағдайын бағалауға, жауын-шашынның жылдамдығы және жаңбыр тамшыларының орташа мөлшерін білуге, күтілетін өзгерістерді дәл бағалауға мүмкіндік береді.

Мұндай болжамдар біздің елімізде үлкен сұранысқа ие. Себебі бізде (негізінен) күрт континентальды климат басым, сондай-ақ ауа-райының жиі өзгеруі байқалады.

Дәл осындай ДМРЛ Жезқазған қаласында да орнатылады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар