Қазақстан ғылымы

Қазақстандық ғалымдар жаңа буын агротехнологияларын жасауда

13.12.2023

678



С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті «жасыл экономика» және өңірлік технопарктер мен агроөнеркәсіптік кешеннің инжинирингтік орталықтары қағидаттары негізінде органикалық өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу құқығына ие болды. Қолға алынған ғылыми жоба 4 млрд теңгені құрайды. 

Үш жылда жүзеге асырылатын бағдарламаға бірнеше міндеттер артылған. Оған мал шаруашылығында кеңінен тарату үшін тәжірибелік-модульдік өндірісті құра отырып, жергілікті жағдайларға тән органикалық өндіріс принциптеріне негізделген ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру, ұстау, өсіру және селекциялаудың инновациялық технологияларын әзірлеу кіреді. Бұдан бөлек өсімдік шаруашылығында кеңінен тарату үшін органикалық егіншілік қағидаттары негізінде өсімдік дақылдарын өндіріп, өсіру және және селекциялауда инновациялық технологияларды әзірлеу де бар. 

Сонымен қатар, әртүрлі ассортименттегі экологиялық таза өнімдердің модульдік өндірісін құру арқылы органикалық ауыл шаруашылығы қағидаттары негізінде жануар және өсімдік шикізатын өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеу де ескерілген. Ластанған ауылшаруашылық аумақтарын тазалау кезінде топырақ биоремедиациясының және топырақ құнарлығын қалпына келтірудің тиімді технологиялары да жасалмақ. 
Техникалық тапсырмаға сәйкес, нәтижесінде жаңа ұрпақтың биологиялық өнімдері мен биологиялық қоспаларын пайдалануға негізделген, олардың өнімділігін және эпизоотиялық қолайлығын қамтамасыз ететін ауылшаруашылық жануарларын азықтандыру, ұстау және өсімін молайтудың инновациялық технологиялары әзірленетін болады. 

Сондай-ақ селекцияда ДНҚ технологияларының жетістіктерін пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының жаңа генотиптерін жетілдіру және құру технологияларын әзірлеу қарастырылған. 
Қазіргі таңда өсімдік дақылдарын өндіру мен өсірудің инновациялық технологиялары биологиялық белсенді заттар мен биологиялық өнімдерді пайдалану негізінде әзірленді. Олар сыртқы жағдайлардың кең ауқымында өнімділіктің жоғарылауы мен фитосанитарлық қауіпсіздікті, ұзақ әсер ететін органикалық тыңайтқыштарды, су мен жер ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. 

Ғалымдар селекцияда ДНҚ технологияларының жетістіктерін пайдалану негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын жетілдіру және жасау технологияларын әзірлейтін болады; ластанған ауылшаруашылық аймақтарын тазалауда тиімді жұмыс істейтін топырақ биоремедиациясының және олардың құнарлылығын қалпына келтірудің технологияларын жасаймыз деп отыр. 

Әртүрлі ассортименттегі экологиялық таза өнімдердің модульдік өндірісін құру арқылы адам ағзасының денсаулығын жақсартатын және ерте қартаюына жол бермейтін табиғи тектегі антиоксиданттары бар тағамдық комбинаторика принциптеріне сәйкес тағамдық және биологиялық құндылығы жоғары және арнайы мақсаттарға арналған функционалдық тамақ өнімдерін өндіру технологиялары да әзірленбек. 

Бұл ретте, қалдық өнімдерді ұтымды және қалдықсыз пайдалануға мүмкіндік беретін өсімдік шаруашылығында азықтық қоспалар мен тыңайтқыштар ретінде жануарлар шаруашылығының қалдықтарын органикалық тыңайтқышқа және жануарлардан алынатын қайталама шикізатқа қайта өңдеудің тиімді технологияларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ол модульдік өндіріс орындарын құру арқылы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, топырақ құнарлылығын, ауыл шаруашылығы жануарлары мен өсімдік дақылдарының өнімділігін арттырады деп сендіреді ғалымдар. 

Өндірістік-білім беру циклінің заманауи құрал-жабдықтарымен жарақтандырылған ауыл шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және қайта өңдеу бойынша 1 өңірлік технологиялық парк, мал шаруашылығындағы инновациялар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 1 инженерлік орталық құру жоспарлануда. 

Дерек көзі: https://apk-news.kz/news/item-3170?fbclid=IwAR0fTNZUsccJfkrtMjk0Jk3pHNz-LSecQ6srXt7T2acl7XM_tc-plaNKQF4


«« | »»
Соңғы жаңалықтар