Қазақстан ғылымы

Ғалымдар ауаның ластануын азайту бағдарламаларын жасауда

04.10.2023

594



Сурет http://turaninform.kz/ сайтынан алынды. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Физика-химиялық зерттеу және талдау әдістері орталығының ғалымдары Қазақстанның ірі мегаполистері – Астана мен Алматыда ауаның сапасын жақсарту бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеуде.

Зерттеушілердің пайымдауынша, ластаушы заттардың концентрациясы туралы деректердің аздығы және тиісті деректерді талдаудың болмауы тәуекелдерді дұрыс бағалауға және ауаның ластануын азайтудың тиімді бағдарламаларын әзірлеуге кедергі келтіруде. 

Сондықтан Қазақстан қалаларында заманауи зерттеу әдістері мен модельдеу құралдарын пайдалана отырып, ауаны кешенді талдау қажет.

Ағымдағы зерттеуде ғалымдар соңғы ғылыми дәлелденген тәсілдер: химиялық талдау және оң матрицалық факторизация (PMF) арқылы Алматы және Астана қалалары үшін РМ2.5 ластану көздерін анықтайды. 

Ғалымдар Қазақстанның жекелеген қалалары үшін атмосфералық ауадағы ұсақ РМ2,5 бөлшектерінің концентрациясына әртүрлі ластаушы көздердің үлесін олардың құрамын химиялық талдау және рецепторлық модельдеу арқылы зерттеуді мақсат етіп отыр. 

Сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларында екі сынама алу станциясы орнатылады. PM2.5 ластану көздерін зерттеу үшін бөлшектердің химиялық құрамы және олардың массалық концентрациясы талданады. Рецепторлық модельдеу арқылы көзді анықтауды жүзеге асыру үшін мыналарды талдаулар, яғни иондардың, ауыр металдардың, органикалық және элементтік көміртегінің массалық концентрациялары қажет. Рецепторлық модель ретінде оң матрицалық факторизация қолданылады.

Қазақстанның жекелеген қалаларының ауасындағы қалқымалы бөлшектердің (PM2.5, PM10), ұшқыш органикалық қосылыстардың, ауыр металдардың және полициклді ароматты көмірсутектердің әртүрлі фракцияларының концентрациясы да зерттелмек. 

Алматы және Астана қалаларында PM2.5, PM10, ұшпа органикалық қосылыстардың, ауыр металдардың және полициклді ароматты көмірсутектердің массалық концентрациялары анықталады. Алынған концентрациялар ауаның ластану деңгейін және оның ауа райы жағдайларына және жыл мезгіліне тәуелділігін бағалауға мүмкіндік береді. 


Белгіленген концентрацияларды және жерүсті станцияларының ұлттық мониторинг желісінің деректерін пайдалана отырып, Қазақстанның таңдалған қалаларындағы атмосфералық ластаушы заттардың кеңістіктік және уақыттық өзгерістерін бағалау да жоспарда бар, деп отыр ғалымдар.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар