Токио медицина ғылымдары институтының ғалымдары глаукомадан көрмей қалудың алдын алатын дәрі ойлап тапты.
Глаукома – көру нервісінің зақымдануынан болатын көз ауыруы. Көз ішілік қысымның артуы миға бейнені беруді жүзеге асыратын көру нервісін зақымдайды. Емдеу болмаған жағдайда бірнеше жыл ішінде глаукома көруді толығымен жоғалтуға әкелуі мүмкін.
Бұдан бөлек көздің торлы ганглион жасушаларының (ТГЖ) жұмыс істеуі тоқтағанда да соқырлыққа жеткізеді, дейді дәрігерлер. Қазіргі таңда көз қысымын төмендету глаукомасы бар науқастар үшін жалғыз ем. Дегенмен, оның өзі көмектесе бермейді. Бұл мәселені шешуге арнайы TrkB протеині көмектесе алады. Ол үшін оны тікелей көзге жеткізу керек. Бірақ, ақуыз организмнен тыс жерде өліп қалатын болғандықтан, бірқатар проблемаларды тудырады, дейді мамандар.
Зерттеушілер ақуызды өмір сүру деңгейі жоғары және инъекция арқылы тасымалдауға ыңғайлы адено-ассоциирленген вирусқа (ААВ) орналастыруды ұйғарған екен.
Тыщқандарға жасалған көзішілік инъекция глаукоманың жоғары және қалыпты көз іші қысымында ТГЖ-ның өмір сүруін айтарлықтай арттырған. Вирус зақымдалған жерде аксон регенерациясын индукциялау және ми нысандарымен байланыстарды қалпына келтіру арқылы өз міндетін орындап, көру нервісінің сенімді регенерациясын қамтамасыз ете алды. Бұл көздің көруін біртіндеп қалпына келтірген.
Болашақта мұндай көзішілік инъекция аксондардың зақымданудын емдеуде және кейбір нейродегенеративті ауруларды, соның ішінде глаукоманы емдеу үшін тиімді гендік терапия құралы болмақ.
Материал https://involta.media/post/molecular-therapy-yaponskie-uchenye-nashli-sposob-borby-s-poterey-zreniya-pri-glaukome деректері бойынша дайындалды.