Қазақстан ғылымы

Түркістан сілеусіні ғалымдардың назарында

14.12.2022

1259


Зоология институтының ғалымдары Түркістан сілеусінін зерттеді. Мысық тектес бұл жабайы жануардың популяциясын зерттеу бойынша 2019 жылы Rufford Small Grants ғылыми грантын жеңіп алған болатын. Бұл ғылыми жобаның жетекшісі Назерке Бижанова Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты.

Жобаның мақсаты Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусіні популяциясының жағдайын зерттеуге және осы сирек кездесетін жыртқышқа шектеуші әсер ететін факторларды анықтау болды.

Жас ғалым сілеусінді фотоқақпандар арқылы зерттеген. Зерттеу жұмыстары Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Көлсай Көлдері ұлттық табиғи паркінде жүзеге асырылды. Ғылыми зерттеу тобы сілеусін мекендеген жерлердің азаюы мен оның азық нысандарының кемуін анықтап, оларды қорғау бойынша арнайы стратегияны жасауды қолға алған. Арнайы қорғауға алынған табиғи қорықтарын басқару тиімділігін жетілдіруді де назардан тыс қалдырған жоқ. Жергілікті тұрғындардың да жыртқыш мекендейтін орындардан хабардар болуын ескерді.

Материал https://zool.kz/ деректері бойынша дайындалды.

Ғылыми жоба: «Солтүстік Тянь-Шаньның Қазақстан бөлігінде мекендейтін Түркістан сілеусінінің популяциясы және сақталу жағдайы (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847)»

«« | »»
Соңғы жаңалықтар