Қазақстан ғылымы

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтына - 70 жыл

02.12.2022

1265

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтына биыл 70 жыл толды. Осы уақыт ішінде институт үлкен даңғыл жолдан өтті және Қазақстаннан тыс елдерге танымал жетекші ғылыми ұйымға, беделді ғылыми орталыққа айналды.

Институттың зерттеулері еліміздің даму тарихын, тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының экономикасының қалыптасу тарихын көрсетеді. Экономика институтының ғылыми-зерттеу қызметiнiң қазақстандық және әлемдiк тәжiрибе негiзiнде жүргiзiлуi, экономикалық реформаларды ғылыми қамтамасыз етуі, мемлекеттiң келешектегі дамуын болжауы маңызды.

Ұжымға ұлттық экономиканың тиімділігін арттыру мүддесіндегі және егемен Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріне жаңа ізденістер мен жемісті нәтижелер тілейміз!

GylymNews-тің келесі түсірілімін мына сілтеме арқылы кіріп, көре аласыздар:

https://www.youtube.com/watch?v=D4b7GkDF0LI

«« | »»
Соңғы жаңалықтар