Қазақстан ғылымы

ҒАЛЫМДАР ТАРИХИ ТОПОНИМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУДЕ

25.11.2022

1113


Қытайдан Еуропаға дейінгі ұлан-ғайыр аумақтарды, соның ішінде Орталық Азия, Жерорта теңізі, Кавказ аумақтарын біртұтас экономикалық, мәдени, тілдік жүйеге байланыстырған Ұлы Жібек жолы феномені көптеген халықтардың фольклоры, тарихы, мәдениеті, материалдық және материалдық емес мәдени мұраларының, тілдердің дамуына зор әсерін тигізді.

Тіл қай дәуірде болмаса да, ол қоғамның жай-күйі, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік танымы туралы түсінік береді. Кез келген халықтың тілін, тілдегі лексикалық қордың тарихын, лексикалық бірліктердің семантикасын зерттей отырып, зерттеушілер бұл халықтың тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік жағдайының жаңа беттерін ашады. Тілдердің қалыптасуын зерттеу олардың дамуы, жетілдірілуі, өзгеруі процестерінен, сондай-ақ ұлт тарихынан, мәдениет пен ұлттық сананың қалыптасу тарихынан ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында нақты топонимикалық терминдер мен формаларды жіктеу және талдау сияқты мәселелер бойынша Ұлы Жібек жолындағы маңызды топонимикалық объектілерді анықтау және сипаттау; геолокация параметрлерін анықтау; Қазақстанның және трансконтинентальды артериялардың карталарын әзірлеу; Ұлы Жібек жолының ұлттық кодымызды қалыптастырудағы рөлін анықтау, тарихи топонимиканың фольклор мен әдебиеттегі орнын анықтау сияқты т.б. зерттеулер жүргізіледі.

Мақсат пен міндеттерді іске асыру барысында келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда:

– Ұлы Жібек жолының тарихи топонимикасы ғылымдар тоғысында, атап айтқанда, тіл білімі, когнитивтік лингвистика, ономастика, фольклор, әдебиет, мәдениеттану, мәтінтану, этнография, этимология, география, картография, тарих, археология бойынша зерттеледі;

– зерттеу нәтижесінде «Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдердің әдебиет пен фольклордағы көрінісі», «Ұлы Жібек жолының тарихи топонимикасы», «Тарихи топонимдердің лингвистикалық, когнитивтік және этимологиялық табиғаты», Ұлы Жібек жолы», «Ұлы Жібек жолы топонимдерінің тарихи-этнографиялық негіздері», «Ұлы Жібек жолының халықтардың рухани және материалдық мәдениетінің қалыптасуындағы рөлі», «Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдер туралы аңыздар мен әңгімелер» жинағы, «Ұлы Жібек жолымен байланысты тарихи жәдігерлер: факсимилдік, транслитерация және тарихи ескерткіштер мәтіндерін аудару», «Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдер» анықтамалық сөздігі, Қазақ тілінің лингвистикалық-этнографиялық сөздігі, «Ұлы Жібек жолы бойындағы қоныстар» көркем энциклопедиялық сөздігі, «Ұлы Жібек жолы тарихи топонимдерінің этимологиясы» сөздігі, «Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдер» электронды сөздіктері. Ұлы Жібек жолы» атты монографиялар нақты туынды ретінде жарық көреді;

– «Ұлы Жібек жолының тарихи топонимикасы» веб-парағы, ерекше маңызды киелі нысандардың, тарихи нысандардың және археологиялық қызығушылық тудыратын ерекше маңызды объектілердің 3D картасы, ерекше маңызды киелі және тарихи нысандардың QR коды әзірленеді;

– «Ұлы Жібек жолы топонимикасы» электронды сөздігі, тақырыптық электронды картотека, алфавиттік электронды картотека құрастырылады;

– «Ұлы Жібек жолы және көшпенділер мәдениеті» деректі фильмі түсіріледі;

– Ұлы Жібек жолындағы ең маңызды топонимикалық объектілердің геолокациясы жасалады;

– Ұлы Жібек жолының тарихи топонимикасы бойынша бейне сабақтар жазылады;

– зерттеу нәтижесінде алынған нақты өнім болып табылатын бір монография және бір сөздік бағдарламасында жұмыс істеген шетелдік әріптестердің қолдауымен орыс, ағылшын және түрік тілдерінде шетелдік баспаларда әзірлеу және басып шығарылады.

2021 - 2023 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында «Ұлы Жібек жолының ғылымдар тоғысындағы тарихи топонимиясын зерттеу» BR10965370 бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жетекшісі Қ.Кенжалин, PhD докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар