Қазақстан ғылымы

Ғалымдарымыз зерттеулерін АҚШ-та жалғастырады

22.11.2022

1235

Отандық ғалымдар биологиялық өнімдерін АҚШ ғалымдарымен бірге әрі қарай зерттейтін болды.

Биологиялық өнім деп отырғанымыз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының мамандары ойлап тапқан белсенді қоспа. Ол кәдімгі тұмау мен COVID-19 вирустарын емдеуге арналған. Жалпы ғалымдардың бұл тұнбасы осыдан екі жыл бұрын дайындалған. Оған бірнеше өсімдік түрлері қосылып, қанның қоюлануын болдырмайтын, яғни сұйылтатын, қанның айналымын жақсартатын, өкпе жұмысын реттейтін қасиеттері артқан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз қызметінің жазуынша (https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/29756/), жоғарыда аталған тұнбаның COVID-19-ке белсенділігі Миссисипи университетінің заманауи зертханасында жан-жақты зерттелетін болады.

Өсімдіктердің емдік қасиетін ғалымдарымыз 20 жылдан бері зерттеп келеді. Көптеген нәтижеге де қол жеткізіп үлгерді. Мысалы, ішек-құрылыс, бауыр ауруларына арналған арнайы тұнбалар, фито-шайлар шығарған.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар