Қазақстан ғылымы

Мұздықтар 2050 жылға қарай жойылуы мүмкін

05.11.2022

1298

Ғалымдардың болжауынша, әлемдегі мұздықтар, соның ішінде Африкадағы соңғы мұздық 2050 жылға қарай климаттың өзгеруіне байланысты жойылып кетуі мүмкін.

ЮНЕСКО есебіне сүйенсек, БҰҰ Бүкіләлемдік мұра нысандарында орналасқан мұздықтардың үштен бірі отыз жылдың ішінде еріп кетеді.

Килиманджаро тауының соңғы мұздықтары, АҚШ-тағы Альпі таулары мен Йосемит ұлттық саябағындағы мұздықтар жойылады. Олар әлемнің климаттың өзгеруіне қарсы әрекетіне қарамастан ериді, дейді авторлар.

БҰҰ-ның 50 Бүкіләлемдік мұра нысандарында 18,6 мыңға жуық мұздық ашылған болатын. Олар жер бетіндегі мұздану аймағының 10 пайызын құрайды және белгілі туристік орындар мен жергілікті халық үшін қасиетті орындар болып есептеледі.

Зерттеушілер жаһандық жылыну 1,5 градусқа дейін төмендеген жағдайда ғана мұздықтардың үштен бір бөлігін сақтап қалуға болады деп отыр.
Олардың жоғалып кету қаупі төніп тұрған нысандар тізімінде: Ирандағы Гикан орманы, Черногориядағы Урмитор ұлттық паркі, Конгодағы Вирунга ұлттық паркі, Қытайдағы Хуанлун тарихи ауданы, АҚШ-тағы Йеллоустоун ұлттық саябағы, Ресейдің Врангель аралдары қорығының табиғи жүйесі, Танзаниядағы Килиманджаро ұлттық саябағы тағы басқалары бар.


Материал https://tengrinews.kz/science/ledniki-neizbejno-ischeznut-k-2050-godu-uchenyie-482124 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар