Сурет phys.org сайтынан алынды
Португалдық палеонтологтар 145 миллион жылдан астам бұрын өмір сүрген юра динозаврдың сүйектерін тапқан. Оның денесінің ұзындығы – 25 метр, биіктігі – 12 метр. Еуропада бүгінгі күнге дейін табылған ең үлкен кесіртке аяқты динозаврға (зауропод) жатады деп отыр ғалымдар. Бұл жаңалық брахиозавридтерге (Brachiosauridae) – 160-100 миллион жыл бұрын жоғарғы юрадан төменгіге дейінгі аралықта өмір сүрген төрт аяқты шөпқоректі сауроподтар тұқымдасына жатқызылды. Мұндай динозаврлардың құйрығы, мойны ұзын болған көрінеді. Соның арқасында олар биік ағаштардың жапырақтарымен қоректенген.
«Бұлардың тобына Brachiosaurus altithorax, Giraffatitan brancai сияқты ең эмблемалық динозавр түрлері, сондай-ақ португалдық соңғы юра түрі Lusotitan atalaiensis кіреді», – дейді Лиссабон университетінің палеонтологы Элизабет Малафая Sci-News-ке берген түсініктемесінде.
Осы аталғандардың барлығының алдыңғы аяқтары ерекше дамыған. Малафая әріптестерімен бірге 2017 жылы брахиозаврды қазуға кірісті. Помбал қаласындағы үйлердің бірінің қожайыны палеонтологтарға құрылыс жұмыстары кезінде өз ауласында көрген тасқа айналған сүйектерді тауып алған. Осы жылдың тамыз айының алғашқы 10 күнінде ғалымдар жануардың осьтік қаңқасының, оның ішінде омыртқалар мен қабырғалардың маңызды элементтерінің жиынтығын қазып алды.
«Динозавр сияқты тіршілік иесінің барлық қабырғаларын, әсіресе сауроподты мұндай күйде, яғни бастапқы анатомиялық күйі сақталған кезде кездестіру өте қиын», – деп отыр Малафая.