Қазақстан ғылымы

Алма ағаштарының зиянкестері зерттелуде

02.10.2022

1317

Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «Энтомофагтарды, феромондарды және биологиялық препараттарды қолдана отырып, алма ағашының Laspeyresia pomonella L. көбелегі және лепидоптера зиянкестерімен биологиялық күресу технологиясын әзірлеу» жобасын гранттық қаржыландыру арқылы жүзеге асыруда.

Алма ағаштарын отырғызуға байланысты әртүрлі зиянды буынаяқтылар кешенінің ішінде шаруашылық маңызы бойынша тек лепидоптер түрлері басым болып келеді. Яғни, карпофагтар, олардың ішінде алма көбелегі Laspeyresia pomonella. L. (Lepidoptera класы, Tortricidae тұқымдасы) ерекшеленеді. Жалпы бунақаяқтылар қорында 250 атауы бар екен.

Зияндылығы жағынан басқа түрлердің арасында фитофаг басымдық танытады. Көбелек құрттары жемістерді зақымдап қана қоймай, сонымен бірге өнімділікті 80%-ға дейін төмендетеді. 50 жылдық тәжірибе барысында сорттардың құрылымындағы түбегейлі өзгерістерге, инсектицидтердің үлкен ассортиментіне, энтомофагтардың 140-қа жуық түрлерінің болуына қарамастан, жеміс өсіру және алма бақтарында негізгі жұмыстардың тек осы түрге қарсы жүргізілетінін көрсеткен.

Бау-бақша шаруашылығының барлық салаларында орын алып жатқан техникалық прогреске қарамастан, жоғары улы препараттардың, оның ішінде гормоналды препараттардың болуы бау-бақшаларды зиянкестерден қорғауға кепілдік бере алмауда. Бұл түрінің ерекшелігі сол, ол экологиялық өзгерістерге тез бейімделеді.

Қазіргі экологияландыру саласына байланысты заманауи тенденцияларды, сондай-ақ дақылдардың сапасына қойылатын талаптарды ескере отырып, басым биологиялық сипаттағы баламалы технологияларды қолдануға негізделген мұндай зерттеулердің өзектілігі айқын. Технологиялар трихограммалардың зертханалық дақылдарын және бейімделген популяциялардың басқа энтомофагтарын қоныстандыруды қамтамасыз етеді.
Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы алма ағашының көбелегі (Laspeyresia pomonella L.) және басқа да лепидоптера зиянкестерінен биологиялық қорғау жүйесін әзірлеу және енгізу.

Ғалымдар Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бау-бақшаларда және Сиверс алма ағашында тау ормандарында көбелектің және басқа да зиянкестер түрлерін іздеп, зерттемекші. Агроклиматтық көрсеткіштерді міндетті түрде қолдану және олардың параметрлерін есептеу арқылы зиянкестерді бақылау әдістеріп әзірлеп, жетілдіретін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы бау-бақшаларда және Сиверс алма ағашында тау ормандарында зиянкестер энтомофагтарының (паразиттер, жыртқыштар) жергілікті популяциялары іздестірілді. Іздеу барысында анықталған фитофагтардың құрамы 227 түрмен ұсынылған, оның 54-і лепидоптер зиянкестері. Алма бақтары мен жабайы жеміс ормандарында кездесетін энтомофагтардың жергілікті популяцияларының құрамына 247 түр кіреді, оның 33-і Лепидоптераның мамандандырылған паразиттері.

Бақшаларда алма кеміргіштеріне қарсы перспективті паразит болып табылатын Mastrus ridens энтомофаг анықталды, деп жазады Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты өз сайтында.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар