Қазақстан ғылымы

Су астындағы белгісіз тіршілік иесі анықталды

20.07.2022

1650

Жақында «Наутилус» ғылыми-зерттеу кемесінің ғалымдары ерекше теңіз жаратылысы Solumbellula-ны зерттеді.
Қызықты жаратылыс маржан полиптері, яғни теңіз қауырсындары қатарына жатады. Сондай-ақ, мұхит түбіне жететін сабағы түріндегі ұзын жіңішке денесі бар. Ұзындығы 2 метрге дейін жетеді.

Сарапшылар Тынық мұхитындағы Гавайидің батысында орналасқан аралдар тобының Джонстон Атоллының жанындағы белгісіз теңіз тауын қашықтан басқарылатын көлікті (немесе ROV) пайдаланып зерттеген. Белгісіз су асты тұрғынын сол кезде байқапты.
Бұл жануар алғаш рет Тынық мұхитында кездесті дейді ғалымдар. Дегенмен, ол әдетте Атлант және Үнді мұхиттарында өмір сүретін көрінеді.

Теңіз қауырсыны маржан мен медузаны қамтитын су жануарларының үлкен тобына жататын книдарларға жатады.
«Кадрларды және осы үлгіні одан әрі қарау сарапшыларға бұл тіршілік иесінің Тынық мұхитындағы S. monocephalus бірінші түрі немесе ықтимал жаңа түр екенін анықтауға көмектеседі», – дейді сарапшылар.

Материал https://www.cnet.com/science/biology/thrilling-discovery-surprising-sea-creature-spotted-in-pacific/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар