Қазақстан ғылымы

Ауада ыдырап кететін пакеттер пайда болады

15.04.2022

2327

Оңтүстік Кореяда ғылымға деген қызығушылық бала кезден қалыптасатын көрінеді. Сондықтан олар қандай да бір үлкен жобаны қолға алғанда, балаға да арнайы жобаларын ұсынады. Ол баланың жасына лайық әрі түсінікті тілде болуы тиіс. Мысалы, ғылыми жобалар көрмесінің бірінде танымдық ойын ретінде ұсынылған жоба болашақта вакуумдық құбыр арқылы жүретін пойызды жасауға жоспарланған. Пойыз өте жылдам жүретін көлік болады деп жоспарланған. Тіпті 2023 жылы кореялық ғалымдар ауада ыдырап кететін қоқыс пакеттерін шығармақшы екен. Қазірдің өзінде бұл елде ауа мен жерді ластамау ережелері қатаң сақталады. Әрбір бала бұл ережелер бұзылған жағдайда үлкен жауапкершіліктің артылатынын жақсы біледі.

Химиялық технологияларды ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Ли Ки Бэктің айтуынша, бір жылдан кейін ыдырап кететін материал жасаған. Оның түрі полиэтиленге ұқсайды. Кәдімгі қоқыс қаптарына қарағанда бағасы қымбат болуы мүмкін. Ал полиэтилен пакет қоршаған ортаға зиян. Сондықтан келешекте оған салынатын салық өсуі мүмкін.

Сондай-ақ, Корей ғалымдары арнайы қондырылған сенсор арқылы атом электр станциясындағы радиация деңгейін анықтайтын робот ойлап тапқан. Апатты жағдай туындай қалса, оған басқа құрылғы көмекке келеді екен. Ол алдындағы бөгеттерді тазалап, өртті сөндіреді немесе радиоактивті заттардың тарап кетуіне жол бермейді. Бұл роботтың артықшылығы сол, ол гидравликаның көмегімен құрылыс крандары сияқты көп күш жұмсай алады. Мысалы, робот бір қолымен 100 келіге дейін жүк көтере алады. Екінші қолы да іске жарамды. Ақылды құрылғылар Кореядағы төртінші өнеркәсіптік төңкерістің жемісі. Таңғы самал елі ноу-хау жасауға құмар. Айталық, технологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы ішкі өнімінің 5 проценті жұмсалады. Ал келер жылы ғылым саласына мемлекет 26 миллиард доллар бөліп отыр.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/517997-o-t-stik-koreya-ylym-a-degen-yzy-ushyly-ty-bala-kezden-alyptastyrady


«« | »»
Соңғы жаңалықтар