Қазақстан ғылымы

Қазақстандық ғалымдар 16 млрд теңге табыс тапты

13.04.2022

1879

Кейінгі жылдары қазақстандық ғалымдар ғылыми жобаларының арқасында 16 млрд теңге табыс тапқан.

Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева орталық комумникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.
«Кез келген ғылыми қызметтің маңызды нәтижелерінің бірі – бұл нақты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге, аумақтың дамуына, әрбір қазақстандықтың өміріне оң әсер ету. Қазақстан Ғылым қоры желісі бойынша 2016 жылдан бастап ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың 151 жобасы қаржыландырылады. Бүгінгі таңда 120-дан астам жоба сату кезеңіне шықты. Инновациялық өнімді сатудан түскен жалпы табыс 16 млрд теңге болды. Сондай-ақ, 5,2 млрд теңге салық төленді. 1400-ден астам жұмыс орны құрылды», – деді комитет басшысы.
Айтуынша, әзірге жобаларды жеке сектормен бірлесіп қаржыландыру көлемі мардымсыз – шамамен 18%. «Дей тұрғанмен отандық ғылым жетістігі арқылы өндірілген 350 млн теңгенің өнімі экспортталды. Еліміздің 30-дан астам ғалымы шамамен 340 миллион теңгедей авторлық сыйақы немесе өз жобаларынан роялти алып отыр. Бұл - өте үлкен жетістік», – дедіЖанна Құрманғалиева. Оның айтуынша, Қазақстанда 1 млн халыққа 1 172 ғалымнан келеді.

https://www.inform.kz/kz/kazakstandyk-galymdar-16-mlrd-tenge-tabys-tapty_a3921900


«« | »»
Соңғы жаңалықтар