Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғалымдары Шығыс Қазақстан облысында көшкінді ерте болжау және оның алдын алу мүмкіндігімен бақылаудың автономды автоматтандырылған жүйесінің тәжірибелік үлгісін жасауда.
Жыл сайын артып келе жатқан көшкін қаупі заманауи мониторинг жүйелерін қолдануды талап етеді.
Әлемдік тәжірибеде көшкін қаупі бар учаскелерді бақылауды ұйымдастырудың әртүрлі әдістерді, беткейлерде бақылауларды немесе қашықтықтан зондтауды қолдана алатын бірнеше нұсқалары бар. Соның өзінде көшкін қаупін бақылау саласы даму үстінде. Қазір үлкен деректерді өңдеудің және машиналық оқытудың жаңа әдістерін қолдануға болады. Жаңа жүйелер болжамдардың дәлдігі мен ескертудің уақытылы жеткізілуін жақсарту үшін қар көшкініне әсер ететін әртүрлі параметрлердің жиынтығын ескеруі керек.
Көшкін қаупі бар орындарды сапалы бақылау адамдардың, көліктің, туристік инфрақұрылымның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өзінің автоматтандырылған жүйесін әзірлеу өз күштерімен және мамандарымен орналастыра және қызмет көрсете отырып, елдегі мониторинг жүйелерін дамытуға ықпал ететін болады.
Жобаның мақсаты:
Көшкін қаупінің мониторингтік жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының көшкін белсенділігі мен аумақтық таралуын зерттеу.
2025 жыл – ғылыми жобаны іске асырудың соңғы кезеңі. Зерттеудің нәтижесінде көшкіннің болуын ерте болжау және алдын алу мүмкіндігі бар автономды автоматтандырылған көшкін қауіпін бақылау жүйесінің прототипін және хабаршы прототипі жасалатын болады. ШҚО-ның басым беткейлерінде көшкін қаупінің дербес автоматтандырылған мониторингтік жүйесінің пилоттық жобасы ұйымдастырылады. Жүйені масштабтау үшін ШҚО таулы беткейлерінде көшкін қаупінің автономды автоматтандырылған мониторингтік жүйесін орналастырудың әлеуметтік тиімділігін бағалай отырып, техникалық-экономикалық есептеулер орындалады. Жобалардың нәтижелері рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдарда және монографиялар шығарылымында көрсетіледі.