Қазақстан ғылымы

Ғалымдар ультрадыбыстық пайдаланылған газдарды тазарту әдісін зерттеуде

27.05.2024

270



Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдары «Жас ғалым» жобасы аясында пайдаланылған газдарды ультрадыбыстық эмиттер арқылы тазарту мүмкіндіктерін зерттеуде.

Зерттеу болжамы – автомобильдің дыбыс өшіргішінде орналасқан ультрадыбыстық сәлелендіргіш әсерінен пайдаланылған газдарды тазарту мүмкіндігі және автомобильдің іштен жану қозғалтқышынан шығатын газдардың гидродинамикалық коагуляциясын арттыру.

Зерттеудің өзектілігі мұндай жобалардың және оларды зерттеу әдістерінің болмауымен анықталады. 
Зерттеудің мақсаты – ультрадыбыстық автомобиль дыбыс өшіргішін есептеуге, жобалауға және оның прототипін жасауға мүмкіндік беретін нәтижелерді алу. 

Жобаны іске асыру барысында толық өлшемді ультрадыбыстық автокөлік дыбысын өшіргіш жасалды. Автомобильдің ультрадыбыстық дыбыс өшіргіші полипропилен корпусынан жасалған, оған ультрадыбыстық жабдық орнатылған.
Стендтік, зертханалық және физикалық-техникалық тәжірибелердің нәтижелері бойынша көлік техникасының пайдаланылған газдарына ультрадыбыстың әсерінің эмпирикалық заңдылықтары анықталды. 

Түтіннің өзгеруі, ультрадыбысты қолдану нәтижесіндегі зиянды шығарындылардың концентрациясы, коагуляция коэффициенті туралы тәжірибелік деректер алынды.  

Ортакинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағын және дыбысты өшіргіште тұндырылған бөлшектердің массасын анықтауға мүмкіндік беретін тәуелділіктер алынды. Автокөліктің пайдаланылған газын зиянды қоспалар мен күйе бөлшектерінен тазарту бойынша зерттеу барысында ультрадыбыстық генератордың жиілігіне және іштен жанатын қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты коагуляция ықтималдығы арқылы ортокинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағы анықталды. 

Автокөліктің пайдаланылған газын зиянды қоспалар мен күйе бөлшектерінен тазарту бойынша зерттеу барысында ультрадыбыстық генератордың жиілігіне және іштен жанатын қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігіне байланысты коагуляция ықтималдығы арқылы ортокинетикалық және гидродинамикалық коагуляцияның салмағы анықталды. 

«« | »»
Соңғы жаңалықтар