Қазақстан ғылымы

Қазақстандық шикізатты пайдалана отырып, квази-жоғары энтропиялық қорытпаның құрамын әзірлеу

10.04.2024

477



Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері Қазақстанның металлургия және құю өндірісін дамытуға бағытталған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми жобаны жүзеге асыруда.  

Қазіргі уақытта Қазақстанда орташа және ауыр машина жасау үшін жоғары дәлдіктегі бөлшектердің көпшілігі (газ және мұнай құбырларына арналған арматура, сорғылардың қосалқы бөлшектері, металлургиялық жабдықтар, тау-кен машиналары және т.б.) шетелден жеткізіледі. 
Металлургиялық және құю өндірісін дамыту тиісті материалдардан өзіміздің жоғары дәлдіктегі бөлшектерді шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, жоғары геометриялық дәлдікпен және бетінің тазалығымен пішінді бөлшектерді алуға мүмкіндік беретін БҮҚ әдісі (балқытылған үлгілер бойынша құю) және ГҮҚ әдісі (газдалған үлгілер бойынша құю) айтарлықтай дамыған.  

Жоғары дәлдіктегі бөлшектерді өндірудің өзіндік технологияларын дамыту Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар кезек күттірмейтін міндет екені анық. 
Мониторинг негізінде зерттеу объектісі, яғни қазіргі уақытта жоғары легирленген болаттан жасалған ажыратқыш және реттеуші клапандардың элементтері – фланецтер, сақиналар, дискілер анықталды.

Зерттеу пәні ретінде бұйымдардың құрылымдық беріктігі және арнайы қасиеттері (жылуға төзімділік, ыстыққа төзімділік және т.б.), сонымен қатар құрылымдық параметрлері және фазалық құрамы анықталды. Кейінгі зерттеулердің негізгі жүйесі – FeCrNiCoMn жүйесі анықталдып, негізделді. Жүйені таңдау шихта құрамдас бөліктері ретінде ферроқорытпаларды ішінара пайдалану арқылы көрсетілген базадағы осы жүйенің қорытпалары көрсеткен жақсы қасиеттерге негізделген.  

Алынған нәтижелер осы зерттеу саласын дамытудың іргелі мүмкіндігін көрсетті. Қазақстандық құрамдас бөліктері бар квази-жоғары энтропиялық қорытпаны әзірлеу және өндіру үшін шикізат базасы анықталды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша «CIS Iron and Steel Review» мақаласы (Мәскеу, Ресей) ұсынылды. Бағдарламаның ғылыми нәтижелерін, зерттеу тобы қызметінің ашықтығын көрсету және әзірленген технологияны әлеуетті тұтынушыларды тарту үшін бағдарламаның веб-сайты құрылды.  

«« | »»
Соңғы жаңалықтар