Қазақстан ғылымы

Қазақстандағы туризмді дамытуға ғылыми көзқарас

27.10.2023

461



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары туризмнің ғарыш пен қоршаған ортаға антропогендік әсерін болжауда осы мәліметтерді пайдалану үшін туристік және рекреациялық мүмкіндіктерді бағалау әдістерін әзірлеуде.

Туризм саласы әлемдік экономикадағы ең перспективалы салалардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) сарапшылары жаһандық туризм индустриясы 2033 жылға қарай 2019 жылмен салыстырғанда 50%-ға өсіп, 15,5 триллион долларды немесе әлемдік экономиканың 11,6%-ын құрайды деп есептейді. 

Қазақстан – ежелгі дәстүр мен заманауи ерекшеліктерді топтастырған бірегей ел.

Еліміздің «туристік Мекке» ретіндегі әлеуетін бағалай білу маңызды Өйткені туризмді дамытуда тек экономикалық өсім ғана емес, сонымен қатар аймақтың бірегей табиғи және тарихи орындарын сақтау қажеттілігі де туындайды. Туристердің бақыланбайтын және реттелмейтін ағыны бірегей географиялық және тарихи орындарға орны толмас зиян келтіруі мүмкін. 

Мұндай бағалау – туризмді кеңістіктік тұрғыда дамытуды жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі және тұрақты туризм стандарттарын белгілеу құралдарының бірі. 
Аймақтың сыйымдылығы экологиялық, әлеуметтік, мәдени және экономикалық құрылымын өзгертуге жол бермейтіндей, белгілі бір аумаққа ғана келетін туристердің санына қарай анықталуы тиіс. Сонымен қатар, туристердің қызығушылығын жоғалтып алмауымыз керек. 

Туристік-рекреациялық ресурстарды ұтымды пайдалану, оларды бағалау және антропогендік факторлардың әсер ету мәселелері аумақтық туристік жүйелердің кеңістіктік-экономикалық ұйымдастырылуын оңтайландырудың, жеке ресурстар мен олардың комбинацияларының құндылығын анықтаудың негізі болып табылады. 

Мысалы, Көбейтұз көлін алатын болсақ, табиғи ресурстарды басқарудағы ретсіздіктің, туристік-рекреациялық мүмкіндіктерді есептеудің жоқтығынан туристермен толып кетті. Бұл туризм қызметін реттеудегі «тұрақсыз» тәсілдердің қаншалықты қайғылы нәтижеге әкелетінін көрсетіп отыр. 

Жобаның мақсаты нашар зерттелген, дамымаған, бірақ рекреациялық әлеуеті бар туристік қызығушылық тудыратын объектілерді туристік қызметке тарту болып отыр. Сонымен қатар, экологиялық, туристік және рекреациялық әлеуетті бағалау нәтижелері бойынша антропогендік жүктеменің бөлінуін графикалық бейнелеу және шиеленіскен экологиялық жағдай аймақтарын анықтау үшін ГАЖ технологиялары негізінде интерактивті картографиялық материалдарды әзірлеу қарастырылған. Сол арқылы Қазақстан Республикасының табиғи туристік және рекреациялық ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану және жағымсыз антропогендік әсерді азайту мақсатында мемлекеттік және жергілікті билік органдарының ықпалымен рекреациялық режимді реттеу механизмін әзірлеу де жоспарда бар.   

«« | »»
Соңғы жаңалықтар