Әлемдегі ғылым

Көңіл-күйді «сезетін» нейрондық желі

09.11.2022

1170

Нейрондық желі адамның көңіл-күйін жақсарту үшін бөлмедегі жарықтандыруды реттей алады.

Санкт-Петербург мамандары адамның көңіл-күйін анықтайтын және бөлмедегі жарықтандыруды реттейтін нейрондық желіні ойлап тауыпты. Ғалымдар осы желі арқылы адамның әл-ауқатын жақсартуға болады деп отыр.

Нейрондық желіні дамыту кезінде ғалымдар адаптивті жарықтандыру жүйесін цифрлық көмекшімен біріктірген екен. Сонымен, нейрондық желі адамның сол көмекші арқылы алмасатын хабарламаларын арнайы қосымшада талдайды. Нәтижесінде ол пайдаланушының қандай көңіл-күйде екенін анықтайды және адамның көңіл-күйін жақсарту үшін бөлменің түс температурасы мен жарық деңгейін өзгертеді.

Зерттеушілер жарықтандырудың көмегімен адамға жүйкесін демалдыруға немесе жұмысқа кірісуіне, сондай-ақ оған ашулану, алаңдаушылықты жеңуге көмектесетінін айтады.

Материал https://anonsens.ru/ деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар