Ғылыми жаңалықтар

Мұхиттағы пластик қоқыстың қайда жоғалатыны белгісіз – ғалымдар

02.07.2014

5974

Бүгінгі таңда Әлемдік мұхитта миллиондаған тонна пластик жүзіп жүруі мүмкін еді, себебі адамзат оны барлық жерде пайдаланады. Дегенмен, жаңа зерттеулер нәтижесі бойынша осы пластиктің 99% суда жоқ. Ғалымдар олардың қайда және қалай жоғалып жатқанын білмей таң қалуда, деп хабарлайды vesti.ru.
Адамдар жылына шамамен 300 миллион тонна пластик өндіреді. Оның басым бөлігі қоқыста жатыр. Дегенмен, 1970 жылдардағы Австралия Ұлттық ғылым академиясының зерттеуі барысында пластиктің 0,1%-ның өзендердің ағысымен, су тасқындары, дауылдар мен теңіз кемелерімен мұхитқа түсетіні анықталды. Қазіргі таңда сарапшылар пластик қоқыс қайда жоғалады деген сұраққа жауап іздеуде.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар