Ғылыми жаңалықтар

«Инновациялық форсаж» Алматыға келді

03.07.2014

5706

Бүгін Алматыға астанадан жыл сайынғы «NIFK» инновациялық бизнес-жоспарлар республикалық конкурсы аясында «Инновациялық форсаж» инновациялық автобусы келді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«NIFK» республикалық конкурсы жаңа технологияларды, бизнес-жоспарлаудың инновациялық жобаларын іріктеп, оларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Конкурс жас ғалымдар мен өнертапқыштарға өз жоспарларын толық жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.

Бұқараның инновациялық белсенділігін аттыру мақсатында конурсты ұйымдастырушылар бірқатар жаңалықтар енгізіп отыр. «Инновациялық автобус» конкурсқа қатысушылардан түсетін өтініштерді жеделдету мақсатында биыл алғаш рет 3D-принтерлі, 3D-сканерлі мобильді техно-лабораториямен жабдықталған.

Барлық облыс орталықтарында, Алматы және Астана қалаларында алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ-ының Қызмет көрсету орталықтарында Фронт-Офистер ұйымдастырылған.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар