Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Зерттеу жұмыстарындағы және білім берудегі жаңа жетістіктер» атты Халықаралық cимпозиум өтті
2014 жылы 25-27 маусым аралығында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Зерттеу жұмыстарындағы және білім берудегі жаңа жетістіктер» Халықаралық Симпозиумы өткізілді.
Симпозиум жұмысына Тайвань, Оңтүстік Корея, Вьетнам, БАӘ, Ресей, АҚШ, Ливан, Голландия және басқа да елдерден 100-ге жуық өкілдер қатысты.
Халықаралық Симпозиумда Ван-Чин Тай, Дженму Ванг, Алекс Туан, Дер-Вен Чанг, Чии-Минг Ченг (Тамканг университеті, Тайвань), Джай Мюнг Рим, Хак Сунг Ли, Джин До Чунг, Юн Чул Шин, Сенг Гю Сео, Дук Хюн Ким, Сунг Ён Чо (Экологиялық орталықтар ассоциациясы, Оңтүстік Корея), Елена Николаевна Серебренникова (Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті, Ресей), Асқар Жүсіпбеков, Рауан Лукпанов, Елбек Өтепов (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан) танымал профессорлары құрылыс, геоэкология, энергияның алтернативтік қайнар көздері және қоршаған ортаны қорғау тақырыптары бойынша дәрістер жүргізді.
Халықаралық Симпозиум барысында Тамканг Университеті (Тайвань) мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) арасында академиялық ынтымақтастық келісімге, сонымен қатар Қоршаған орта орталықтарының ассоциациясы (Оңтүстік Корея) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан) арасында өзара түсіністік туралы келісімге қол қойылды.
Ұйымдастыру комитеті «Зерттеу жұмыстарындағы және білім берудегі жаңа жетістіктер» Екінші Халықаралық Симпозиумын 2015 жылы Оңтүстік Кореяда, Инчеон ұлттық университетінде профессор Юн Чул Шинның ұйымдастыруымен өткізуге шешім қабылдады.
Дереккөзі: enu.kz