ҰМҒТСО басылымдары

«Қазақстан ғылымы сандар бойынша: 2015-2019» – ҰМҒТСО АҚ дайындаған жинақтың тұсаукесері онлайн форматта өтті. Бұл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған.

Жинақта қазақстандық ғылымның жағдайы туралы барлық дерлік мәліметтер бар. Мысалы, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар туралы ақпарат; елдің ғылыми-техникалық әлеуеті; әр түрлі аспектілердегі ғылыми кадрлардың жай-күйі – ұйымдардың типтері бойынша кадрлар құрылымы, ұйымдардың меншік формалары, қызмет салалары, ғылыми біліктілік деңгейі және т.б.

Көрсетілген мерзімде ғылымды қаржыландыруға көп көңіл бөлінді, атап айтқанда жан басына ҒЗТКЖ-ға шығындардың көрсеткіштері қарастырылады; ұйымдардың түрлері бойынша, ұйымдардың меншік нысандары бойынша ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындар, экономика салалары бойынша 2019 жылы ҒЗТКЖ-ға арналған ішкі шығыстар құрылымы көрсетілген. Инновациялық белсенділіктің көрсеткіштері, инновациялық белсенді кәсіпорындардың жұмыс істеуі көрінеді. Жинақтың жеке тарауы Web of Science ақпараттық ресурстарының (Clarivate analitics) деректері негізінде Қазақстандағы ғылыми басылымдарды библиометриялық талдауға арналған.

Әзірге жасалып жатқан «Қазақстан Республикасы аймақтарының ғылыми-техникалық әлеуеті» жинағы да ұсынылды, онда қазақстандық ғылымның барлық көрсеткіштері аймақтық тұрғыда берілген.

Жинақтар ҰМҒТСО АҚ Ғылыми-техникалық ақпараттарды интеграциялау департаментінің мамандары жасаған үлкен жұмыстың нәтижесі.
Жинақтардың негізгі авторлары – Ә.Ибраев, ҰМҒТСО АҚ президенті, сарапшылар Т. Кубиева, Г. Беляева, Г. Қозбағарова, Н. Пономарева.
Тұсаукесерге Қазақ-Герман университетінің профессоры Р.Бурнашев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚазҒЗИ-дың бас ғылыми қызметкері Л. Каратаева, «Альтернатива» ААҚ директоры А. Чеботарев, саясаттанушы, Президент жанындағы ҚСҰК мүшесі М. Шибутов сияқты сарапшылар қатысты. Олар ұсынылған материалдарды жоғары бағалап, бұл ақпарат тек ғалымдар, талдаушылар, студенттер мен магистранттар үшін сұранысқа ие екенін жеткізді. Сонымен қатар, оны ғылым саласындағы саясат пен мемлекеттік бағдарламаларда, оның ішінде Қазақстан аймақтарының ғылыми әлеуетін дамытуда жасалатын мемлекеттік бағдарламаларда қолдану керек деген сенім білдірді.

https://www.youtube.com/watch?v=8TK089EZhb0