Әлемдегі ғылым

Перғауындар ДНҚ-сы мысырлықтардың африкалықтар емес екенін көрсеткен

22.02.2023

1190



Макс Планк атындағы Адамзат тарихы ғылымы институтының (Max Planck Institute for the Science of Human History) және Тюбинген университетінің (University of Tuebingen) неміс ғалымдары 3500-ден 1500 жылға дейінгі 90 мысырлық мумиялардың геномын ішінара қайта қалпына келтірді. Оны зерттеп, талдау жүргізді. Зерттеу барысында мысырлықтар африкалықтар емес деген тоқтамға келген. Олардың кейбіреулері түріктер болса, басқалары оңтүстік Еуропадан және қазіргі Израильден, Иорданиядан, Сириядан, Ливаннан, Грузиядан және Абхазиядан келген деп отыр ғалымдар. 

Бұған дейін Цюрихте орналасқан iGENEA генеалогиялық орталығының биологтары осы сияқты зерттеулер жүргізген болатын. Олар бір ғана мумиядан, яғни перғауын Тутанхамоннан алынған генетикалық материалды талдады. Оның ДНҚ-сы сүйек тінінен, атап айтқанда, сол иық пен сол аяғынан алынған. 

iGENEA мамандары перғауын бала мен қазіргі еуропалықтардың геномын салыстырған. Жасалған тұжырым бойынша олардың көпшілігі Тутанхамонның туыстары. Орташа алғанда еуропалық ер адамдардың  жартысы «тутанхамондар». Кейбір елдерде мысалы, Ұлыбританияда, Испанияда және Францияда олардың үлесі 60-70 пайызға жетеді. 

Зерттеушілер ДНҚ-ны гаплотоптар деп аталатын, ұрпақтан ұрпаққа берілетін ДНҚ фрагменттеріне тән жиынтығы бойынша салыстырған. Перғауынның туыстарын R1b1a2 деп аталатын гаплогруппа «айқындаған».
Ғалымдар еуропалық ер адамдар арасында жиі кездесетін тутанхамондық R1b1a2 қазіргі мысырлықтар арасында өте сирек кездесетінін атап көрсетеді. Олардың арасында оны тасымалдаушылардың үлесі бір пайыздан аспайды. 

Швейцариялықтар мен немістердің генетикалық зерттеулері тағы да бір қазіргі мысырлықтардың өздерінің жалпы массасы бойынша перғауындардың деградацияланған ұрпақтары емес екенін растады, деп жазады https://greenwhite.su

«« | »»
Соңғы жаңалықтар