Әлемдегі ғылым

Жапония қардан арзан электр қуатын алмақшы

01.12.2022

1408

Сурет: https://knowhow.pp.ua/

Қазіргі таңда электр қуатын күннен, желден алу таңсық емес. Бірақ, қардан электр қуатын алу мүмкін бе?! Жапон елінде жерде жатқан қардың өзін тиімді пайдалануға көшпекші екен.
Жаңа технология жел және күн электр станцияларына қарағанда тиімдірек деп отыр мамандар. Оны кәсіпорындар да, жеке үйлер де пайдалана алады.
Ғалымдар Жапонияның қарапайым қардан электр қуатын алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынауды Аомори қаласында бастады. Сынақ Forte стартапы бойынша Токио электрлік байланыс университетімен бірлесіп, осы айдан бастап келесі жылдың наурызына дейін жүргізіледі.

Токио электрлік байланыс университетінің доценті Коджи Эноки температура айырмашылығы арқылы электр энергиясын өндіретін инновациялық жүйені ойлап тапты. Суық қарға жылу беру құбыры қойылады, ал екінші жағынан жабдық күнмен қыздырылған ауаны жинайды. Нәтижесінде салқындатқышта конвекциялық ағын пайда болады, ол турбинаны айналдырады және электр энергиясын шығарады.

Зерттеушілер қала көшелерінен жиналған қар мектептің жабық бассейніне төгіледі. Ғалымдардың айтуынша, қондырғы заманауи күн электр стансаларымен бірдей тиімділікпен электр энергиясын өндіре алады. Сынақтар барысында инженерлер әртүрлі кәсіпорындар мен үй шаруашылықтарына бейімделген жабдықты әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жаңа технологияның артықшылығы сол, шығыны аз. Жапондық компания мұхит бетіндегі және тереңдіктегі су арасындағы температура айырмашылығын пайдалану арқылы электр қуатын өндіретін ұқсас жүйені шығаруға дайындалып жатыр. 2025 жылға қарай ол электр энергиясын небәрі 20 иен немесе киловатт-сағатына 14 АҚШ центі бағасымен алады деп күтеді, бұл жел электр станциялары өндіретін энергиядан әлдеқайда арзан.

Материал https://asia.nikkei.com/Business/Energy/Electricity-from-snow-A-Japanese-city-believes-it-can-be-done деректері бойынша дайындалды.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар