Әлемдегі ғылым

Пародонтит Альцгеймер ауруына алып келуі мүмкін

05.07.2022

1665

Ауыз қуысындағы бактериялардың көбеюі мидағы қабыну процестеріне және Альцгеймер ауруымен байланысты белоктардың жиналуына әкелуі мүмкін, деп отыр қытай ғалымдары. Бұған дейінгі зерттеулер де Альцгеймер ауруының дамуы белгілі бір бактериялармен байланысты болуы мүмкін екенін көрсеткен.

Альцгеймер ауруының негізгі белгілерінің бірі – мидағы арнайы ақуыздардың шөгінділерінің пайда болуы. Бұрынғы зерттеулер көрсеткендей, бұл шөгінділер ауыз қуысының гигиенасын дұрыс сақтамаудан жиналып қалады. Альцгеймер ауруы болса көбінесе тіс ауруы бар адамдарда жиі кездеседі.

Treponema denticola бактериясы адамның аузында тіршілік етеді. Ол дұрыс емделмесе, қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін. Дәлірек айтсақ, пародонтит және кейіннен қызыл иекте абсцесс пен фистулалар пайда болады.

Қытайдағы Сычуань университетінің зерттеушілері 24 апта бойы тышқандарға T. Denticola бактериясын енгізіп, олардың миында болған өзгерістерді зерттеген.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар