Әлемдегі ғылым

Әлемнің кейбір жерлерінде жәндіктер екі есеге азайған

25.04.2022

2159

Лос-Анджелестегі (АҚШ) Калифорния университетінің биологтары адамзаттың жәндіктерге қауіп төндіретінін алға атартады. Тіпті олардың кейбір түрлерінің жойылып кетуі мүмкін.

Бірқатар жәндіктер популяциясының жойылуы табиғатқа ғана емес, адам денсаулығына, сондай-ақ елдердің азық-түлік қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін.

Зерттеушілер аралар, құмырсқалар, көбелектер, шегірткелер, инеліктерді қоса алғанда, 20 мыңға жуық жәндіктердің таралу аймағы мен көптігі туралы деректерді талдады. Ақпарат планетаның 6 мың түрлі аймағынан жиналды.

Сонымен, әсіресе ауа райы өзгеріп, жылыну байқалатын, сонымен қатар ауылшаруашылық жұмыстары қарқынды жүргізілген өңірлерде жәндіктер 49 пайызға азайған. Олардың түрлерінің саны 27%-ға азайды.

Ғалымдар өмірлік маңызы бар жәндіктердің көбеюін, тіпті өмір сүруін қамтамасыз ету үшін олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау қажет дейді.



«« | »»
Соңғы жаңалықтар