Әлемдегі ғылым

Отандық ғылымдағы жаңа серпін – жоғары маркалы селен өндірісі

31.08.2023

753



Сәтбаев Университетіне қарасты Металлургия және кен байыту институтының ғалымдары селен алудың жаңа әдісін ойлап тапқан болатын. Жылына 75 тонна шикі селен алынады деп жоспарлануда. 

Осыған орай Балқашта «Kazakhmys Progress» компаниясының селен өндіретін бірегей цехы ашылды. Бұл сапасы жоғары тазартылған селен алуға мүмкіндік беретін технологияны қолданатын әлемдегі ең бірінші және жалғыз өндіріс орны.  Сондықтан тек ішкі нарықты ғана емес, сонымен қатар шет ел сұранысын да қамтамасыз етпек. 

Мамандар селенді өндіру және оны өңдеу жұмыстарының оңай шаруа емес екенін алға тартады. Отандық ғылымға жаңа серпін берген жаңа технология құрамында 99,5%-дан астам негізгі компоненті бар таза селенді бір кезеңде реагентсіз тәсілмен алуға мүмкіндік береді. Әлемдік өнімдермен салыстырғанда құны да әлдеқайда арзан болмақ. 

Елімізде алғаш рет енгізілген тың әдіс бойынша шикі селен вакуумды-термиялық тазартудан өтіп, құнды металдар цехының қалдықтары электр балқыту әдісімен өңдеу арқылы қалпына келтірілетін болады. Яғни, селен дәстүрлі шикізаттан ғана емес, техногендік қалдықтардан да алынбақ. Осы арқылы өндіріс тиімділігі мен жаңа жұмыс орындары үшін де, табиғатты қорғау мүмкіншілігі де арта түспек. 

Дерек көзі: https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
«« | »»
Соңғы жаңалықтар