Әлемдегі ғылым

АҚШ ғалымдары иммундық жүйені терең зерттеуде

21.06.2023

703



АҚШ ғалымдары иммундық жүйенің жұмыс істеуінің барлық механизмдерін зерттеу өзекті болғандықтан, иммунитетті зерттеуді жалғастыруда. 

Иммундық жүйе барлық қауіптерден, соның ішінде инфекциялар мен қабыну процестерінен қорғайды. Бұл туралы зерттеушілер «Nature Communications» журналына жарияланған мақаласында толық жазады. Олар 48 мыңнан астам адамның денсаулығы туралы ақпаратқа талдау жасаған жұмыстарды жүргізгенін хабарлайды. Сонымен қатар олардың әріптестері бұрын жинаған приматтар туралы деректерді зерттеген екен. 

Бұл жұмыс барысында иммундық жасушалардың екі түрі бірінші кезекте дененің қорғаныс күштерінің тепе-теңдігіне жауап беретіні анықталды. Бұл iCD4 және CD8 лимфоцит жасушалары. Иммундық жүйенің жұмысы, зерттеушілердің пікірінше, бұл жасушалардың санына ғана емес, сонымен қатар олардың өзара әрекеттесуіне де байланысты болып отыр.  

Кейбір аурулар бұл жасушалардың тепе-теңдігін бұзады, бұл иммундық жүйенің жұмысын нашарлатады. Бірақ ғалымдар, жалпы алғанда, иммундық жүйенің айтарлықтай тұрақты және қалпына келтіруге қабілетті екенін анықтады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын ұстанатын адамдардың иммундық жүйесі жаман әдеттері бар адамдарға қарағанда қартайған кезде жақсы жұмыс істейтіні белгілі болған.  

https://mednovelty.ru/news/1196175?fbclid=IwAR3A8_uPWSjIG5puQVL9lNiArkvauQqIa_m4tAY0ErPUMrqV3det1Osr6OE
«« | »»
Соңғы жаңалықтар