Әлемдегі ғылым

Ғылымды дамыту жұмыстарына Сенат та кіріседі

04.07.2022

1787

«Қазақстандағы ғылым мен білімнің болашағы» тақырыбына арналған оқыту форсайт-сессиясында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев ғылыми саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыстың белсендірілетінін жеткізді. Оған жауапты мемлекеттік органдар да атсалысатын болады.

Бұған дейін де ҚР Парламентінің ғылым саласындағы бастамаларды заңдастыру бойынша жұмыстарды атқарғаны белгілі.
«Біз Қазақстанның ғылымы мен білімін дамыту мәселелері бойынша ғалымдармен, сарапшылармен, мүдделі институттармен белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделіміз. Осы саладағы құқықтық базаны жетілдіру бойынша да бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл бағытта күзде Сенатта тиісті жұмыс тобын құруға болады. Қазақстанда ғылым мен жоғары білімді дамыту үшін бәріміз бірге нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін», – деді спикер кездесуде.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те бұл саланы реформалауда Парламент қолдауының маңыздылығын тілге тиек етіп, жоғары білім жүйесі мен ғылымның қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге тиіс екенін жеткізді.

Материал http://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/6839 деректері бойынша дайындалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар