Әлемдегі ғылым

Трансплантацияға жаңа мүмкіндік

17.02.2022

2697

Канадалық ғалымдар донорлық мүшенің екінші қан тобын біріншіге ауыстырудың жолын тапты.

Торонто университетінің ғалымдары бірнеше сағат ішінде трансплантациялау үшін донорлық органның қан тобын өзгертуге мүмкіндік беретін әдісті жасап, сынақтан өткізді. Бұл туралы Science Translational Medicine журналында мақала жарияланды.

Ғалымдар адам ағзаларын трансплантациялау кезінде көбіне қан топтарының үйлесімділігі үлкен әсер ететінін айтады. Егер қан топтары бір-бірімен сәйкес келемесе, ішкі ағзаны алмастыру мүмкін емес. Оған иммундық жүйенің сәйкес келмейтін қан тобына шабуыл жасауы себеп болады.

Жаңа технология бойынша донор органының екінші қан тобын бірінші қан тобына ауыстыруға болады. Мақалада бұл технология бойынша трансплантацияға таңдалған мүшелердің 80%-ын еш кедергісіз кезек күткен науқастарға қолдануға болатыны жазылған. Өкпе трансплантацияланған бірінші тәжірибеде FpGalNAc-деацетилаза және Fp-галактозаминидаза ферменттері, содан кейін екінші топтағы антигендерден донорлық мүшелердің сегіз үлгісі қолданылды. Төрт сағаттың ішінде ферменттер антигендердің 97% жойған.

Қазір канадалық ғалымдар бірінші үшінші және төртінші қан топтарына ауысуға мүмкіндік беретін технологияларды жасаумен айналысуда. Зерттеушілер бұл әдіс барлық органдармен жұмыс істейді деп сенеді.

Материал https://www.science.org/doi/10.1126/scitranslmed.abm7190 деректері бойынша жасалды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар