EXPO-2017

ТарМПУ оқытушысы жеңіспен оралды

14.05.2018

5953

18-21 сәуір аралығында ІІ Халықаралық «Педогогическое начало» атты жас оқытушылардың байқауы Ресей елінің астанасы Мәскеу қаласында Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен болатын.

Байқауға ТМД елдерінен 20-дан астам жас оқытушылар қатысты. Байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі - Онлайн түрде тест (жаңашыл педагогты анықтау мақсатта түрлі бағытта тест құрастырылған) болды. Екінші кезеңі - студенттермен ашық сабақ өткізу (Университетіміздің «Химия-биология» факультеті «Биология және БОӘ» кафедрасының оқытушысы, п.ғ.магистрі Р.Укибаев «Химия-экология» мамандығының 3-курс студенттерімен «Дүние жүзінің экологиялық проблемалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді). Үшінші кезең – шеберлік-класс ұйымдастыру. Мұнда «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» атты тақырыбында МПГУ оқытушыларына мастер-класс көрсетілді.

Нәтижесінде оқу орнының оқытушысы Р.Укибаев ІІ Халықаралық «Педогогическое начало» атты жас оқытушылар байқауының жеңімпазы атанып, қосымша «Үздік сабақ студенттермен» номинациясын иеленді.

Дереккөзі: tarmpu.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар